BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

ОҚО ІІД сатушының ұрлануына қатысты видеоға түсініктеме берді

Орамжапырақ сатушысы өзін алып қашқан жігіттерге ешқандай айып тағып отырған жоқ. Бұл туралы ОҚО ІІД қызметкерлері айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео әлеуметтік желіде жуырда пайда болды. Роликтен бір топ жігіттің орамжапырақ сатушысын көлікпен алып қашқандарын көруге болады. ІІД қызметкерлері өз кезектерінде ролик «кейіпкерлерінің» кім екендерін анықтады.

«ОҚО ІІД қызметкерлері видеодағы адамдардың кім екендерін анықтады. Олардың барлығы да ОҚО тұрғындары. Қыз бен оның ата-анасы ешкімге айып тағып отырған жоқ. Қазіргі сәтте ол тұрмысқа шықты. Қыздың туыстары керісінше видеоны таратқандарды жазаламақ», - деп хабарлады ІІД қызметкерлері.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер