BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының маңында болған өрт сөндірілді

Фото: NewTimes.kz

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының артындағы Майбалық көлінің жағасында қамыс өртенді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өрттің видеосы жарияланған. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, 14 мамырда сағат 13:37-де Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының маңындағы Майбалық көлінің жағасында 3000 шаршы метр аумақты алатын қамыс өртенді.

«Өрт сағат 16:10-да ауыздықталып, 16:50-де өшірілді. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД-ның 16 қызметкері мен 16 техника бірлігі, «ОӨАЖҚЖ» мемлекеттік мекемесінен 4 жұмысшы мен 1 жүзу құралы, «Зеленстрой» ЖШС қызметкерлері, сондай-ақ «Астана орманы» ЖШС қызметкерлері жұмылдырылды»,- делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер