BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Назарбаев әуежайында ұшақ өртеніп кете жаздады

Бортында 90 жолаушысы бар Атырау-Астана бағытындағы ұшақ өртеніп кете жаздады. Абырой болғанда әуежайдың өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтап үлгерді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Эйр Астана» компаниясының Атырау-Астана бағытындағы КС-982 рейсі жерге қонғаннан кейін А320 әуе кемесінің сол жақ қозғалтқышы түтіндеп кетті. Әуежайдың өрт сөндіру бөлімінің күшімен уақтылы іс-шаралар қолға алынып, түтін сөндірілді», - деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігің Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі парақшасында.

Ұшақта болған 90 жолаушының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер