BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

«Мен қазақтың қызымын» деп жылаған бүлдіршін жұртты күлкіге қарық қылды

«Мен қазақтың қызымын» деп жылаған бүлдіршін желі қолданушыларының ризашылығына бөленді. Көпшілік оны Геннадий Головкинге теңеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Болашақ GGG» атымен таралған видео жұртты күлкіге қарық қылып, Қазнетте жылдам таралды. Өзінің қай ұлт өкілі екеніне алаңдаған кішкене қызды желі қолданушылары Геннадий Головкинге теңеді. Мұнымен қатар, бүлдіршін өзінің қазақ қызы екенін көз жасымен ғана емес, мемлекеттік тілді білетіндігімен де дәлелдеді.

Аталған видеоны алғашқылардың бірі болып Instagram желісіндегі @zhest_kz парақшасы жариялады. Видеодағы диалог төмендегідей жүзеге асады:

— Сенің атаң да, әкең де — белорус. Яғни сен де осы ұлттың өкілісің. Болды, сен белоруссің!Түсіндің бе?

— Жоқ, мен қазақпын!

Видеоның авторы қыздан қазақ тілінде бірнәрсе айтуды сұрайды. Бүлдіршін өз кезегінде еш қиналмастан, орыс тілінде айтылған сөздердің барлығын аударып шығады.

— Яғни сен кімсің?

— Қазақпын!

— Жақсы, қазақсың, қазақсың!

Публикация от VASTANE.KZ|ASTANA|АСТАНА (@vastane.kz)

Видеодағы диалог осылай аяқталады. vastane.kz парақшасында жарияланған бұл видео 53 мыңнан астам көрілім жинап, мыңдаған пікір жазылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер