BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Мектептегі жарылғыш зат: жалған ақпарат айтқан адам анықталуда

Фото: RussianWeek.ca

Астана, BAQ.KZ. Астанада №22 мектеп маңы қоршалып, Жирентаев көшесі мен Петров көшесіне дейінші аралық жабылды. Мектепте полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқан. Куәгерлердің айтуларынша, мектеп ғимаратында жарылғыш зат қойылған. Бұл туралы Астана білім беру басқармасы хабарлады және BAQ.KZ тілшісіне растады.

Астана білім беру басқармасының хабарлауынша, бірінші ауысымда оқитын 1698 оқушы, 82 мұғалім мен 37 техникалық жұмысшылар жедел түрде ғимараттан шығарылды.

Ата-ананалар мектептен балаларын алып кеткен. Ата-анасын күтіп тұрған балалар мектеп автобусына отырғызылды. Мектеп маңында өтр сөндіру бригадасы мен жедел жәрдем қызметкерлері болған.

Сағат 10:28-де мектеп ішіне жарылғыш зат қойылмағаны анықталды.

Білім беру мекемесінің әкімшілігі ғимаратта жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат таңертең түскенін хабарлады.

«Таңғы сағат 08:00-де мектепте жарылғыш зат қойылғаны хабарлады. Оның дауысы баланың немесе жасөспірімнің дауысына ұқсайды. Біз полицияға хабарладық. Жоғары сынып оқушыларын үйлеріне жіберіп, төменгі сынып оқушыларының ата-аналарына хабарласып, алып кетулерін сұрадық», - дейді №22 мектеп директоры Ботагөз Жүнісова.

Қазіргі уақытта жалған ақпарат айтқан кім екені анықталып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер