BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Маңғыстауда 22 жастағы қызды көлік қағып көз жұмды

Фото: censor.net.ua

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 22 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tumba.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің айтуларынша, қайғылы жағдай Ақшұқыр ауылына жақын маңдағы жолда болған.

Куәгерлер қыз жол шетінде кетіп бара жатқан кезде оны жеңіл көлік қағып кеткенін айтты. Алған жарақаты салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, оның ішінде сот-медициналық сараптама да бар», - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер