BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Лифтіде қайтыс болған әйелдің күйеуі жағдай қалай болғанын баяндады

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған Айзат Әбдісаматтың күйеуі Қайыржан оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Диапазон»-ға сілтеме жасап.

«Бүкіл Қазақстан білсін деп жариялағым келіп тұр. Көбісі естіп жатыр, оқып жатыр. Жалған ақпарат көп. Өзімнің атым Қайыржан. Айзаттың күйеуі боламын. Лифтіден өзім алып шықтым. Қалай болғанын айтқым келіп тұр. Біреулер аяғы жұлынды дейді. Бала құлады дейді, лақтырды дейді. Қызым 3-те. Қызым бірінші лифтіге кіреді. Бірінші қабаттан. Артынан келіншегім кіреді. Сол аяқпен кіреді. Сол сәтте оң аяғын лифт қысып қалады. Екінші қабаттағы аралықта тұрып қалған. Ешқандай жерін жұлған жоқ. Барлық жері сау болды. Қызым аман-сау, құлаған жоқ. Оған да шүкір. Пәтер иелері кооперативі тросын қарап, жөндеу жүргіздік дейді», - деді Айзаттың күйеуі Қайыржан.

Оның айтуынша, сот медициналық сараптамасы Айзат іші мен өкпесі қысылып қалғандықтан қайтыс болған деген шешім шығарған.

«Мен осы жағдайды билік естісе екен деймін. Неге қандай да бір проблеманы байқау үшін біреудің өлімі қажет? Кемеровта адамдар қайтыс болды. Содан кейін тексеріс жүре бастады. Айзат қайтыс болды. Енді лифтілер тексеріледі. Біздің лифтіміз ешқашан дұрыс істеген емес. Айзат лифтіге кіргенде кабина жабылмай қалған. Лифт 2 қабатта тоқтап қалған. Айзатты лифтіден өзім шығардым. Этаждағы лифтің есігі жабылған, ал кабинаның есігі жабылмаған. Бұл тағдырдың жазуы шығар. Мен сол күні жұмыстан кеш шықтым. Үйге келе жатқанда танысымның көлігі тоқтап қалғанын көріп, оған көмектестім. Подъезге кірсем лифт істемей тұр. Жаяу жоғарыға көтерілмекші болдым. Екінші қабатта адамдар сабылысып жүр. Жоғарыға көтеріле бердім де, қайтадан кері бұрылдым. Не болғанын адамдардан сұрастырған едім, олар бір әйелдің ессіз құлап жатқанын, қасында баласы жылап тұрғанын айтты. Лифтінің тесігінен қарасам, менің әйелім мен балам. Ол жер қараңғы болды. Қызым анасының қандай күйде болғанын көрмеді. Бірақ сонда да қорқынышты ғой. Бұл оның есінде мәңгі қалады. Айзат оған арқасымен қарап жатты. Мен қызыма оны көрсетпеуге тырыстым. Есікті бұзып, ТЖ қызметкерлері келгенше Айзатты алып шықтым. Мен Айзат жерде жатыр екен деп ойладым. Бірақ ол ілініп қалған екен», - деп есіне алды қайтыс болған әйелдің күйеуі.

Ол әйелінің басқа ешқандай жарақаты болмағанын айтады.

«Мен әйелім тірі шығар деп үміттендім. Мен Айзат десем де ол үн қатпады. Мамырда ол 28 жасқа толатын еді. Бұл үйде біз бір жыл ғана тұрдық. Барлығы біздің үй қарайтын ЖШС-ға шағымдануда. Ақшасын төлейміз, лифтіге де ақша төледік. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Барлық оқиғаның мән-жайы анықталады деп сенемін», - дейді Қайыржан.

Diapazon.kz
Подробнее: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/ya-vyitaskival-iz-lifta-muj-pogibshey-rasskazal-podrobnosti-341567/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Фото мен видео Диапазоннан алынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Шілде 2018, 18:11
Денис Тен қайтыс болды
Пікірлер