BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Күйеуі әйелін желідегі әр лайк үшін соққыға жыққан

Фото: Matt Roper

Уругвайлық Адольфина Камелли Ортигоза өз күйеуінің құрбанына айналды. Әйелін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды, деп жазады The Daily Mail.

32 жастағы Педро Хериберто Галаано әйелін Facebook-тағы әр лайк үшін соққыға жыққан. Камелли өлім аузынан аман қалды.

Зардап шегуші адвокатының айтуынша, күйеуі 21 жастағы әйелін үйде зорлықпен ұстаған. Фейсбукта Камеллидің постына лайк басқандарды көріп, «сол еркекпен көзіме шөп салдың» деп ұрып келіпті.

Адольфина Камеллидің жақ сүйегі сынып, бет-аузы ісіп кеткен және денесі алған соққыдан қанталап, көгерген. Ер адамның мұндай әрекеті туралы полицияға Педроның әкесі хабарлаған. Ол баласы әйелін ұрады деп күдіктеніп, Камелли қайтыс болып кетуі мүмкін деп қорыққан.

Қазір әйелдің бетіне ота жасалып, мұрны мен ерні қалпына келтірілді.

Күйеуі қамауға алынды. Енді ол әйелін ұрғаны және оны өлтіргісі келгені үшін, оны бостандығынан айырып, өз қылмысын жасырып қалғаны үшін сотталады. 30 жыл түрмеде отырып, қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер