BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Қостанайда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз үш күннен соң табылды

Фото: radiome.vn

Астана, BAQ.KZ. 14 қазан күні 15 жастағы қыздың анасы полиция қызметкерлеріне қызының бір тәулік бойы байланысқа шықпағанын хабарлаған. Бұл туралы alau.kz сайты хабарлайды.

Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, арада үй күн өткеннен кейін із-түссіз жоғалған қыз табылды.

Оның анасының айтуынша, қызы серуендеу үшін үйден шығып кеткен және қай бағытқа кеткені белгісіз. Оның қызы бұған дейін де үйінен бірнеше мәрте кетіп қалған екен.

Полиция қызметкерлерінің іздеу шаралары нәтижесінде 15 жастағы қыз бала 16 қазан күні сағат 23:00-де танысының пәтерінен табылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер