BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қостанайда жоғалған 14 жастағы қыз Көкшетаудан табылды

Фото: alau.kz

Қостанай қаласы Ішкі істер басқармасының полиция қызметкерлері жоғалып кеткен алматылық қыздың қайда жүргенін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі alau.kz порталына сілтеме жасап.

Іздестіру шаралары барысында жасөспірімнің Көкшетау қаласында жүргені белгілі болған. Осы ақпарат анықтала салысымен Қостанай қаласының тәртіп сақшылары Көкшетауға жолға шыққан.

Алдағы уақытта жоғалған қыз үйіне жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін біз алматылық 14 жастағы қыздың Қостанайда жоғалып кеткенін хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер