BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қостанайда суқоймадан өлтірілген әйелдің мәйіті табылды

Фото: alau.kz

Қазіргі уақытта әйелдің кім екенін және оны өлтірген адам кім екенін анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері үйлерді аралап, тұрғындардан жауап алуда.

Белгісіз әйелдің денесін анықтау фактісі бойынша Қостанай аудандық ішкі істер бөлімінің АІЖК-нің полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігінде көрсетілген «Адам өлтіру» бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталды.

«6 тамыз күні сағат 11:40-та Мичурино ауылының маңындағы суқоймадан әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта зардап шегуші мен кінәлі адамның кім екенін анықтау бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген Қостанай облысының ІІД баспасөз хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер