BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қостанайда оқушы өз-өзіне қол жұмсады

Фото: escaperoomnovi.com

Қостанайда 8 сәуір күні оқушы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Бұл туралы ақпаратты Қостанай әкімдігінің білім бөлімі растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі alau.kz сайтына сілтеме жасап.

17 жастағы бозбала Қостанайдағы №1 кешкі мектепте оқыған. Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Оразбаеваның айтуынша, оқушы жауапсыз махаббатқа бола өз-өзіне қол жұмсаған.

«Ол өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырған. Хатты оқыған ата-анасы баласын іздеген. Таңға жуық құрылысы аяқталмаған ғимараттан оның мәйіті табылды. Ол сабағын жақсы оқыған және толыққанды отбасында өскен. 9-сыныптан кейін Троицк әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне түскісі келген, бірақ түспеген. Кешкі мектепте оқитын болған. Біз бұл жағдайдан кейін есеңгіреп қалдық. Оның ата-анасына қайғырып көңіл айтамыз», - дейді Гүлсім Оразбаева.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер