BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қостанайда клиент жезөкшені өлтірді

Фото: Status Quo

Рудный балалар үйі тәрбиеленушісінің қысқа өмірі трагедиялық жағдаймен аяқталды. Ол үш рет істі болған қылмыскер қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болған 22 жастағы қыздың апасының өтініші бойынша мамандандырылған сотта қылмыстық іс бойынша процесс жабық режимде өтті. Оның немересі «шақырту бойынша жұмыс істейтін қыз» болған.

Жеңіл жүрісті қыздың кезекті клиенті пластикалық терезе монтаждаушы жігіт болды. Жеңіл жүрісті қыз оған ұнап қалып, олар жиі кездесе бастаған. Ақыры ол қызға айналысып жүрген жұмысын тастауын сұрап, апта сайын 15 мың теңге беріп тұратынын айтқан.

Өткен жылдың 27 қарашасында жігіт қыз жалдап тұрып жатқан пәтерге келеді. Есіктен кірер кезде пәтерден шығып бара жатқан басқа ер адамды көреді. Бойжеткен оған ер адам кран мен балкон есігін жөндеуге келгенін түсіндірмек болады, бірақ ол бұл сөзге сенбейді. Екеуі жанжалдасып қалып, бойын қызғаныш билеген жігіт қызды төсек жаймасымен тұншықтырып, кетіп қалады. Бойжеткеннің мәйітін құрбысы тауып алған.

Сот отырысында жігіт кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Сот үкімі бойынша ол бұрынғы қылмысын қайталап жасаушы деп танылды. Үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол 12 жылға бас бостандығынан айырылып, қауіптілік деңгейі аса жоғары түзету мекемесінде жазасын өтейді. Сондай-ақ, қаза тапқан қыздың апасына бір жарым миллион моральды шығын өтеуі тиіс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер