BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Қостанайда қылмыскер зейнеткерлерді тонаумен айналысқан

Фото: Khmelnytsky.com.ua

Полиция қызметкерлері зейнеткерлердің ақшасын тартып алған 24 жастағы ер адамды ұстады. Ол келтірген залал көлемі 300 мың теңге, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

«Күдікті адам егде жастағы әйелдердің ақшасын ұрлаған. Рудный қаласындағы ІІБ-нің бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Ахметовтың айтуынша, күдікті адам зейнеткерлердің зейнетақы алатын уақытын білген және оларды банктен үй маңына дейін аңдып барған. Кейде оларжы подьезд маңынан күтіп алып, қариялардың азық-түлік толы сөмкесі мен әмияндарын ұрлап кетіп отырған. Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде бұрын істі болған 24 жастағы жігіт ұсталды. Ол жасаған қылмысын мойындады», - дейді полиция бөліміндегілер.

77-82 жас аралығындағы 4 зейнеткер тонаушының құрбаны болған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер