BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Қостанайда ер адам емханада дәрі еккеннен кейін көз жұмды

Фото: mclekar.ru

Қостанайдағы емханада ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәугерлердің айтуынша, бұл жағдай орын алғаннан кейін емхананың ішіндегі адамдардың ешқайсысын сыртқа шығармаған.

«Біз ол жерден тысқа шыға алмадық. Көп адам болды және ешқайсысын сыртқа шығарған жоқ. Емделушінің қайтыс болғаны туралы айтылып жатыр», - дейді куәгерлер.

№2 емхананың бас дәрігері Қарлыға Омарова емделушінің қайтыс болғанын растады. Ол ер адам процедуралық кабинетте дәрі егілгеннен кейін қайтыс болғанын айтты.

«Ер адам процедуралық кабинетке келді. Ол дәрігерге келіп жүрген және оған егілетін дәрілер белгіленген. Оған дәрі егілгеннен кейін қайтпақшы болған, бірақ ол кенеттен бір орында отырып қалды. Біз жедел жәрдем қызметін шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Бекітілген ереже шеңберінде жұмыс істедік. Өкінішке қарай, ол көз жұмды. Өлім себебі – тромбоэмболия», - дейді Қарлыға Омарова.

Дәрігердің айтуынша, қайтыс болған ер адамның туыстары дәрігерлермен сөйлескен және ешқандай шағымдары жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер