BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Қостанайда 14 жастағы алматылық қыз жоғалып кетті

Фото: alau.kz

11 шілде күні 14 жастағы алматылық қыз Әл-Фараби көшесінде орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі alau.kz порталына сілтеме жасап.

Жасөспірім Алматыдан Қостанайға қонаққа келген. Ол үстіне сұр түсті күләпарасы бар пуловер, көк джинсы, күлгін түсті сланцы киген.

Қыздың бойы – 160-170 см, арық, шашы иығына дейін, көзі қоңыр түсті.

Ол осыған дейін үйінен кетіп қалмаған.

Алматылық жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, мына телефондарға хабарласуға болады: 52-60-64, 54-46-10, 52-68-12, 52-68-39, 8-705-441-28-86 немесе 102.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қазан 2018, 17:27
Қыз ұзатуға шақыру
Пікірлер