BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қостанай облыстық полициясы нәрестесін ұрған әйелге қатысты түсініктеме берді

Қостанай облысы полициясы әйелдің туған сәбиін қорлап жатқан сәті таспаланған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтағы ІІД желі қолданушыларының бұл видеоны бірнеше күннен бері бөлісіп жатқандарын айтты. Сондай-ақ, желідегілер видео Қостанай облысында түсірілгенін жазған.

Видеодан әйелдің сәбиді қорлап жатқан сәтін көруге болады. Ол жаңа туған қызын боғауыз сөздермен балағаттап, артынша ұрады.

«Біз бұл видеороликті көрдік. Бұл жағдай Қостанай облысында болмады деп сенімді түрде айта аламыз», - дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіні бұл видеоның көп уақыттан бері шарлап жүргені және оның РФ территориясында түсірілгені туралы ақпарат бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер