BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қостанай облысында үш жұмысшы ұңғымада тұншығып көз жұмды

Фото: Atameken Business Channel

7 тамызда Алтынсарин ауданы, Шоқай ауылында ескірген су құбырын жөндеу барысында «Теміржолсу-Қостанай» жұмысшылары ауа жетпеу салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ng.kz сайтына сілтеме жасап.

Коллекторда газ жиналып қалғандықтан дұрыс тыныс ала алмаған үш жұмысшы оқиға орнында көз жұмса, төртіншісі жансақтау бөлімінде жатыр.

Қарағанды қалалық ауруханадағы бас дәрігердің орынбасары төртінші зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайы тұрақты екенін айтты.

Еңбек инспекциясы аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер