BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 339.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.64 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.3
Астана:

Қостанай облысында туған ұлын өлтірген ананың соты өтіп жатыр

Қостанай облысы арнайы ауданаралық сотқа 46 жастағы Қостанай тұрғынына қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Әйел туған ұлын өлтіргені үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 2018 жылы 1 ақпанда айыпталушы күйеуі және баласымен бірге Жаңа жылды қарсы алды. Үшеуі отырыс кезінде ішімдік ішеді. Таңертеңгі сағат 08:00 шамасында ұлы айыпталушыдан ішімдік алу үшін ақша сұрайды. Әйел бермей қояды. Жігіт ашуланып, анасын бөлмедегі шкафқа қарай итеріп жібереді.

«Кикілжіңнің соңында әйел қолына пышақ алып, ұлын қорқыта бастайды. Кейін ұлын пышақтайды. Ұлы анасынан қорғану үшін оның қолына жармасады. Алайда әйел бар күшімен ұлының кеуде тұсына пышақты сұғып алады. Жігіт оқиға болған жерде қайтыс болды», - делінген облыстық сот хабарламасында.

Соттың басты отырысы 14 наурыз күні өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер