BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Қостанай облысында сиыр мотоцикл жүргізушісінің өліміне себеп болды

Фото: kstnews.kz

5 тамызда Сарыарқа аудандық ішкі істер бөліміне Алматы-Екатеринбург тасжолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мотоциклдің 35 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан сиырды қағып кеткен.

Соның салдарынан Suzuki маркалы мотоцикл жүргізушісі дене жарақатын алып, Сарыкөл аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Малды екінші жерге айдау» деген жол белгісі маңында ауыл тұрғыны сиырды жолдан өткізіп бара жатқан кезде мотоцикл жүргізушісі қағып кеткені анықталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер