BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қостанай облысында масаң күйдегі қыз суға батып кетті

Фото: kp.kz

Лисаковта 26 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«12 маусымда сағат 21:25-те Октябрский ауылында (Лисаковтың жанында) жергілікті тұрғындар 1992 жылы туған қыздың денесін Тобыл өзенінен тапты. Ол арнайы жабдықталмаған жерде суға түсіп жүрген кезінде және масаң күйде суға батып кеткен», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 7 маусымда суға батып бара жатқан әйелдерді құтқармақ болған ер адамның өзі суға батып кеткен. Суда жүзу маусымы ашылғалы бері бұл аймақта 7 адам суға батып, көз жұмды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер