BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Қостанай облысында әйел мен 4 жасар бала қаза тапты

Оқиға 16 қараша күні Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Боровск ауылында болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, Пушкин көшесіндегі жеке үйлердің бірінен екі адамның денесі табылған.

«25 жастағы әйел мен 4 жасар баланың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар өрттің салдарынан қаза табуы мүмкін. 2 шаршы метр аумақта диван бықсыған», - деп мәлімдеді ТЖД.

Оқиға орнына Қостанай облысының өрт сөндіру күштері мен құтқару қызметі шақырылмаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер