BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қырғызстаннан келетін судың азаюынан Талас өзенінде балық қырылды

Фото: ntv.ru

Жамбыл облысында Талас өзенінің балығы қырылып жатыр, себебі көрші қырғыз елінен келетін судың мөлшері азайған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Шу-Талас бассейндік инспекциясына хабар берілген. Су уақытылы қадағаланбағандықтан, Талас өзені тартылып, осындай олқылық орын алды. Ауданнан 20 шақырым жердегі Ойық тоғанында балықтардың жаппай қырылғаны әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы жергілікті орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары 50 мыңға жуық балықты құтқарғанын айтады. Олар тірі қалған су жәндіктерін аулап, өзге арналарға жіберген. Бұл жұмысқа Талас ауданы аумағындағы су айдындарын пайдаланушылар да атсалысып жатыр. Алайда екі мыңнан аса балықты құтқара алмаған.

«Шамамен екі, екі жарым мың дана майда шабақтар бар, ішінде үлкен балықтар бар солар қырылды. Бірақ оның барлығы жинақталып, сол ауданның жанына шұңқыр қазылып барлығы жойылды», - дейді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекция бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Болат Асамбеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер