BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қырғызстанда сарбаз абайсызда ефрейторды өлтіріп алды

Қырғызстанда қаруды дұрыс қолданбаған сарбаз абайсызда ефрейторды өлтіріп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Кактус Медиа порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, қатардағы жауынгер Б.Д. уулу 2017 жылдың көктем айында әскерге шақыртылған. Шекаралық кезекшілікте болған кезде аталған азамат қаруды ұқыпсыз қолдану салдарынан шартты қызметтегі әскери қызметшіге абайсызда оқ атқан. Зардап шеккен ефрейтор Т.Б. ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оқиға орнында Әскери прокуратура өкілдері жұмыс жасауда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер