BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Кинологтар қызметтік иттің көмегімен екі келіге жуық есірткі тәркіледі

Павлодар облысында есірткі айналымының заңсыз жолын кесу мақсатында «Көкнәр-2018» жедел-алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабаралуынша, есірткі іздеу жұмыстарына өңірдегі 5512 әскери бөлімінің қызметтік-іздеу иттері жұмылдырылған. Шаралар жергілікті бақылау-өткізу пункттері, әуежай ғимараттары және адам көп жиналатын өзге орындарда қолға жүргізілген.

«Жедел-алдын алу шаралары барысында полиция қызметкерлері Павлодар облысындағы жолаушы тасымалымен айналысатын көліктер тексерілді. Әскери бөлім сержанты Ильсур Хайруллин Арес есімді қызметтік итімен бірге «Екібастұз-Павлодар» бағытында адам тасымалдайтын автобустарды тексеріп шықты. Нәтижесінде бірнеше жолаушының қалтасы мен жүк сөмкелерінен есірткі заттар табылды», - дейді Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Кинологиялық қызметтің төрт аяқты көмекшілерінің көмегімен бірнеше күннің ішінде екі келіге жуық наша тәркіленді. Сараптамадан соң заттардың қандай есірткі түрі екені анықталады. Заңсыз есірткі тасымалдаған азаматтар ұсталды.

Айта кетейік, сержант Ильсур Хайруллин мен оның қызметті иті жоғары нәтижелерді көрсетуде. 25 алдын алу шарасы барысында есірткі заттар табылған.

Еске салак етсек, 5512 әскери бөліміндегі кинология қызметі 15 жыл бұрын құрылған. Бүгінгі таңда алты кинолог маманы және жеті қызметтік ит бар.

Фото: ҚР Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер