BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазір есірткі заттары ішінде психотипті заттар көп таралуда – дәрігер

Алматы. Baq.kz тілшісі.2000 жылдардың басында есірткілердің ішінде героин өте кеңінен таралған болса қазір психотипті заттар көп таралуда. Бұл туралы Алматы қаласы Психикалық саулық орталығының директоры Сапар Рахманшеев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, бұл біріншіден арзан, екіншіден аз мөлшерде қолданатын болса оның беретін әсері героиннен де күшті.

«Спайс, скорс, GH дейді, бұлардың құрамында синтетикалық амфетаминдер бар. Амфетамин бұл ағзаны екі есе артығымен жұмыс істетеді, яғни, оны қолданған адамдар шаршағанды сезбейді. Жалпы оны қабылдаған баланың мінез-құлқы өзгереді, көбінде ойлау қабілетіне тез әсер етеді. Жастар арасында бұны қолданғанда ешқандай тәуелділік болмайды деген түсінік бар. Мәнісінде олай емес, бұны бір қолданғаннан психикалық тәуелділік пайда болады. Үнемі соны ойлап, іздеп отырады», - дейді С. Рахманшеев.

Сонымен қатар ол, қазір Алматы қаласы бойынша орталықта есірткіге тәуелді 1613 адам бақылауда тұрғанын, оның 7-уі жасөспірімдер екенін айтып өтті. Өткен жылы 20 жасөспірім тіркеуде болған екен.

«Қазір Алматы қаласы әкімдігі мен ІІД-мен бірігіп алдын алу жұмыстарын жасап жатырмыз. Әр ауданға бекітілген дәрігер-наркологтарымыз бар, олар қазір ЖОО-ы мен мектептерде тексеру, есірткі заттарының зияндығы жөнінде дәрістер, шеберлік сағаттарын өткізуде. Соның нәтижесінде қазір есірткіге тәуелді адамдардың саны 12 пайызға азайды», -дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер