BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстаннан Ресейге темекі өнімдерін заңсыз алып өтпек болған екі азамат ұсталды

Ресейдің екі азаматы Қазақстаннан өз елдеріне акциздік маркасы жоқ темекі өнімдерін алып өтпек болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал шекара отряды «Шаған авто» бекетінде заңсыз темекі өнімдерін алып өтпек болған екі Ресей азаматы құрықталды. Олар Қазақстаннан Ресейге «Лифан» автокөлігімен бара жатқан.

Тексеру кезінде транспорттың артқы орындығынан және жүксалғышынан «Фест» маркалы 2 қорап темекі табылды. Темекі өнімдерінің жалпы мөлшері – 100 блок, яғни 1 000 қорап.

Зеленовский ауданының АІІБ қызметкерлері аталған істен хабардар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер