BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Қазақстандық Ресейде жол апатына себепкер болды

Қазақстан тұрғыны Ресейдің Челябі облысындағы трассада ауыр жол апатына себепкер болды. Бір адам қайтыс болып, апатқа кінәлі мен тағы үш адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі uralpress.ru басылымына сілтеме жасап.

Жол апаты 6 тамыз күні сағат 17.30-да Чебаркуль-Уйское-Сурменево-Магнитогор автожолының 18-шақырымында болды.

«Қазақстан Республикасының тұрғыны Volswagen Passat автокөлігімен қосымша жолдан шығып келе жатқанда ВАЗ 21113 көлігіне жол бермей, соқтығысып қалды», - деп мәлімдеді Челябі облысының МЖҚҚИ қызметкерлері.

Салдарынан ВАЗ жолаушысы болған Челябі облысы Уйск ауданының тұрғыны сол жерде қаза тапты.

Жүргізушілер мен ВАЗ-дың басқа да жолаушылары жарақат алды және ауруханаға жеткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер