BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Қазақстан азаматтығын сатып алу туралы: Бұл жалған ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әйтенов әлеуметтік желіде кеңінен тараған «шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын алу үшін 150 000 доллар төлеу жеткілікті» деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» заңнамаға енгізілген түзетулер аясында жаңа қағида бойынша Қазақстан азаматтығын алу үшін шетелдіктерге 150 000 доллар төлесе жеткілікті», - делінген қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен таралған ақпараттың мәтінінде.

Аталған ақпарат төңірегінде «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әйтенов түсініктеме берді.

Оның айтуынша, аталған құжатта инвестициялық резиденттілік қарастырылған және ол шетелдіктерге азаматтық беруді көздемейді.

«Инвесторларға берілетін барлық мүмкіндіктер Қонституциялық заңнамада ғана емес, сонымен қатар АХҚО актілерінде де атап көрсетілетін болады. Алайда Орталықтың актілерінде инвестициялық резиденттерге азаматтық беру мәселесі көтерілген емес және көтерілмейді де», - деді Марат Әйтенов.

Сонымен қатар, ол АХҚО барлық заңнаманы халықпен бірге талқылауға дайын екенін жеткізді.

«АХҚО өзінің қызметіне қатысты аталған заңнаманы және болашақта шығарылатын заңдарды азаматтық қоғаммен бірге отырып талқылауға дайын», - деді Марат Әйтенов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер