BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қатонқарағайда ұзындығы 2 км жер опырылды

Қатонқарағай ауданы Солоновский ауылдық округі Қараөзек уческесінде қар еруі салдарынан геологиялық ойық пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Аltaynews.kz басылымына сілтеме жасап.

Ойықтың жалпы ұзындығы – 2 км, тереңдігі – 5-6 метр, ал ені – 4-5 м. Бір ай бұрын ғана бұл жерде жол болған. Оның үстімен ауылшаруашылық көліктерімен бірге тракторлар, автомобильдер және жүк көліктері жүрген.

Ойықтың пайда болуына жиналған су әсер еткен. Ойық орнын екі бульдозер ретке келтіріп жатыр. Маман жол бірнеше айда ретке келетініне сенімді. Сондай-ақ, болған жағдай жазғы ауыл шаруашылық жұмыстарға кедергі келтірмейді деген үмітте.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер