BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Катонқарағай ауданында ұзындығы екі шақырымдық жыра пайда болды

Фото: altaynews.kz

Қатонқарағай ауданының Солоновка ауылдық округіне қарасты Көкөзек учаскесінде екі шақырымға созылған геологиялық жарық тәріздес жыра пайда болды. Оған көктемде еріген қарғын су себеп болған екен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыраның тереңдігі – 5-6 метр, ені 4-5 метрге жетеді. Бұл жер осыдан бір ай бұрын ғана «Жас қанат» шаруа қожалығының қыстауларын бір-бірімен жалғап тұрған орын еді. Егістікке қарай жайылып, тоқтаусыз аққан су жолды жыраға айналдырып жіберген.

Қазіргі уақытта аталған шаруашылықтың басшылығы жыраны топырақпен толтырып, жолды қайта қалпына келтіруге тырысып бағуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер