BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Қасымов командирін атып өлтірген сержант ісіне қатысты пікір білдірді

Фото: kazakhstanzaman.kz

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов БҚО-да сержанттың өз командирін атып өлтіру оқиғасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Иә, күзет қызметін атқаратын саптық бөлімшеде мұндай жағдай болды. Тергеу органдары алдын алу қызметі емес. Олар БҚО-дағы әкімдікті, сотты және медицина қоймаларын күзетеді. Тергеу жұмыстарын жүргізіп, жағдайды зерттеп жатырмыз. Осы қылмысты жасаған қызметкер сол жерде екі жылдай жұмыс істеген. Оның айтуынша, екі рет тексеруден өткен. Оған ескерту жасаған соң сап алдында өзін қорландым деп санап, қылмысқа барған. Сапқа тұрып, қаруды алу нұсқамасынан кейін ол командирге бірнеше оқ атқан», - деп жауап берді Қасымов.

Министр жыл басынан бері дәл осындай жағдай екінші рет тіркелгенін атап өтті.

«Міндетті түрде соттың медициналық сараптамасын жүргіземіз. Барлығын жауапкершілікке тартамыз. Биыл дәл осындай екі жағдай тіркелді. Қарағандыда жол полициясының инспекторы қарақшылық жасамақ болып, қолына табельдік қару алып, адам өлтіріп, оның автокөлігін алып қойған. Осы іс бойынша қылмыс ашылып, 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізген соң 13 қызметкер жауапкершілікке тартылып, оның 8-і жұмыстан босатылды», - деді ол.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға БҚО-да 6 қыркүйек күні болды. Полиция сержанты Чапаев ауылында Ақжайық ауданы Ішкі істер бөлімінің ауласында командиріне оқ атқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер