BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Қаражалда қыздар мінген көлік аялдамаға соғылып, екі адам көз жұмды

Қарағанды облысының Қаражал қаласында 4 қыз мінген жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылған. Оқиға орнында екі қыз тіл тартпай кетіп, қалған екі қыз әртүрлі дене жарақатымен ауруxанаға жеткізілген, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Жантүршігерлік жол апатын екі жас қыздың өмірі қиылғанын шағын қаланың xалқы бірден естіді. Қалаға кіре берісте орналасқан автобус аялдамасына соғылған шетелдік көліктің сау тамтығы жоқ. Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгінінде қыз бала отырған.

«Жол апаты түнде болған. Апатқа ұшыраған көлікте болған қыздар басқа көлікпен жарысқан деген қауесет бар. Жоғары жылдамдықпен келген көлік бұрылыста тоқтай алмай, жолдан шығып кетіп, аялдамаға соғылған. Көлікте болған қыздардың барлығы жас қыздар», - дейді қала тұрғыны Елдар Үсенов.

Денсаулық сақтау басқарамасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан қаза болған және зардап шеккен қыздардың жасы 21-24 жас аралығында.

«02 сағат 10 минутта ауруxанаға миы шайқалған екі қыз жеткізілген. Олардың жағдайы қалыпты. Қалған екі қыз өкінішке орай жедел медициналық қызмет көрсету қызметі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырған. Қыздар 1994-1997 жылы туылған», - дейді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз xатшысы Айжан Иса.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер