BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қарағандылық тұрғын Қытайда қайтыс болды

Фото: bloggertraveler.info

Қарағанды тұрғыны Қытайдың Чанжоу қаласындағы студенттер жатақханасында көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Новый Вестник»-ке сілтеме жасап.

«Бізге кеше кешке ұйықтар алдында оның жағдайы нашарлағанын айтты. Таңертең тұрған бетте ол балконды ашқан. Досы оның төменге түсуіне көмектесіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер Валерий құтқара алмады», - деді марқұмның досы Анастасия Герасимова.

19 жастағы Валерий Катиев Қытайдағы жоғары оқу орындарының бірінде екінші курста оқыған. Екі апта бұрын ол Қарағандыға ата-анасының үйіне бірнеше күнге демалысқа келген. Демалысы біткен соң Чанжоуға қайтқан. Ол досымен бірге жатақханада тұрған.

Ата-анасы оның қайтыс болғанын 12 наурыз күні естіген. Оларға Валерий тамақтан уланып қалғаны айтылған.

Дереккөзінің жазуынша, қайтыс болған студент Ресей азаматтығын алғандықтан, Қазақстанның СІМ мәйітті жеткізуге көмектесе алмайтындықтарын хабарлаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер