BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қарағандыда жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, 5 адам ауруxанаға жеткізілді

Фото: Ашық дереккөз

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда жолаушылар тасымалдайтын автобустың жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы болған уақытта автобуста шамамен 40 жолаушы болған. Олардың бесеуі жарақат алды.

Бүгін Қарағандының орталығында оқыс оқиға орын алды. Қала ішілік жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктің 23 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Нәтижесінде адамға лық толы автобус жолдан шығып кетіп, жол белгісіне соғылған.

«Қоғамдық көлік жол көлік оқиғасына ХМК шағын ауданының аумағында ұшыраған. Карла Маркс көшесіне қарай бағыт алған автобус жүргізушісі алдын ала мәліметтер бойынша рульге ие бола алмай қалып жолдан шығып одан кейін жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісіне соғылған», - дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Жол көлік оқиғасы салдарынан бес адам зардап шеккен. Әртүрлі дене жарақатын алған адамдар Х.Ж.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығына жеткізілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше олардың жағдайы қалыпты.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік xаттама толтырылған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер