BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Қарағандыда полиция қызметкері әріптесін атып алды

Қарағанды ішкі істер бөлімінің орталық полиция білімінде полиция қызметкері әріптесіне оқ атты деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қолы жарақаттанған полиция қызметкері облыстық медициналық орталыққа жеткізілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, табельді қарудан оқ кездейсоқ атылған. Оқ атқан адам полицей көлігінің жүргізуші болып қызмет етеді. Жарақат алған азамат- орталық аудандық ішкі істер бөлімі анықтау бөлімінің анықтаушысы. Полицейдің не үшін қару алып шыққаны анықталып жатыр. Прокуратураның мәліметінше, күдікті қамауға алынған жоқ.

Оған қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланыссыз бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл аудандық ішкі істер бөлімінде болған бірінші оқиға емес. Бұған дейін алаяқтықпен айналысты деп ұсталған күдікті үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Алған жарақаттарына қарамастан, орталық бөлімнің қызметкері оны қайта ғимаратқа кіргізіп, жауап алуды жалғастырған. Ол есінен тана бастағанда барып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер миы шайқалып, қолы сынған деген диагноз қойған. Ауруханада ол өзіне қатысты күш қолданғанын айтады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер