BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қарағандыда мектепте өрттің қайдан шыққаны белгілі болды

Фото: news.rambler.ru

Қарағандыда мектептің өртенуіне шатырдағы электротеxникалық көздердің тұтануы себеп болған. Бұл жайында Өрт сынақ зертxанасының мамандар айтты, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

«Түсінікті тілмен айтқанда электр тоқтарында ақау болған. Оған су тиді ме, әлде қысқа тұйықталу болды ма, не болмаса желінің шамадан тыс жүктелуі орын алды ма, оны нақты айта алмаймыз. Істің материалдарын полицияға жібереміз. Өрт шығуының нақты себебін тергеушілер сәйкесінше сараптама тағайындай отырып анықтайтын болады», - деді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар қызметінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Еске салайық, кеше түнде Қарағандының мектептерінің бірінде өрт шыққан. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитеттің ақпаратынша, 20.56-да шатырдың ағаш құрылысында от тұтанған. Өрт 22.55-те жойылды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өртену аумағы 300 шаршы метрді құрады.

Мектептің өртенуіне байланысты жедел штаб құрылған болатын. Қалалық Білім бөлімімен шұғыл түрде шаралар қолданылып, №36 мектептің оқушылары 13 қыркүйектен бастап көршілес орналасқан №17 мектебінде оқитындығы жайлы шешім шығарылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер