BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қарағандыда мектеп өртенуіне байланысты жедел штаб құрылды

12 қыркүйек күні Қарағандыда Октябрь ауданы, Восток-1 ықшам ауданында орналасқан №36 ЖББМ-де өрт шығуына орай жедел штаб құрылды. Бұл жайында Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Еске салайық, кеше кешке Қарағандының мектептерінің бірінде шыққанын хабарлаған болатынбыз. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ақпаратынша, 20.56-да шатырдың ағаш құрылысында от тұтанған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өртену аумағы 300 шаршы метрді құрады.

«Оттың тұтануы кезінде өрт қадағалау құрылғылары қосылып, соның арқасында күзетші жедел түрде әрекет еткен. Қазіргі таңда Білім басқармасының жетекшісі Есенғазы Иманғалиевтің бастауымен жедел штаб құрылды», - дейді Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы Марина Шаповалова.

Оның айтуынша, мектепте орын алған төтенше жағдай оқу процесіне әсерін тигізбейді.

«Қалалық Білім бөлімімен шұғыл түрде шаралар қолданылды. №36 ЖББМ оқушылары және олардың ата-аналары 13 қыркүйектен бастап көршілес орналасқан №17 ЖББМ-де оқитыны туралы хабарламалар алған. Ол үшін кабинеттер анықталды. №36 ЖББМ 695 бала оқиды. Және де 75 бала шағын орталыққа келіп тәлім алады», - деді Шаповалова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер