BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қарағандыда мектеп өртенді

Фото: интернеттен

Кеше түнде Қарағандының Майқұдық шағын ауданында орта білім беретін №36 мектеп өртке оранды. Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қарағандының Октябрь ауданының «Восток-1» ықшам ауданында орналасқан мектептің шатырынан өрт шығып, жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыған.

Куәгерлердің айтуынша, өрт кешкі 21:00 шамасында басталған.

«Өртенген мектепке жақын жерде тұрамыз. Онда үлкен қызым оқиды. Өрт кешке қарай басталды. Жалынның қатты болғаны соншалықты өрт сөндірушілер көпке дейін өшіре алмай жатты», - дейді қала тұрғыны Жұпар.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт 20 сағат 56 минутта басталған. Жалын мектептің шатырынан шыққан. Алдымен шатырдың ағаш қаңқасы жанған. 22 сағат 34 минутта тілсіз жауды басы, 22 сағат 55 минутта түгел өшірілген. Өрт шамамен 300 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өртті сөндіру оңай болмағанын айтады.

«Өрт сөндірушілер жоғарғы күрделілік дәрежесінда жұмыс істеді. Қарағандының өртсөндіру қызметінің қызметкерлері өртті 22:55-те толықтай сөндірді», - дейді Қарағанды облысы ТЖД-нің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Өртті сөндіруге 55 өрт сөндіруші мен 15 арнайы теxника жұмылдырылған.

автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер