BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 336.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 390.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.36
Астана:

Қарағандыда балабақшалардың иесі 22 алаяқтық оқиғаға қатысы бар деп күдіктелуде

Фото: sputniknews.kz

Балабақша иесіне қатысты 22 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Зардап шегушілердің айтуынша, балабақшалардың иесі бір жүйе бойынша әрекет еткен: ата-аналардан әртүрлі себеппен қазыр алып, қайтармай қойған.

«Менің балам «Ромашка» балабақшасына баратын. Ол балабақшаға бара бастаған кезде балабақша иесі бізден 900 мың теңге қарыз сұрады. Бізде ондай мөлшерде қаражат болды, сол себепті оған қарызды баламыз балабақшаға алты жасына дейін тегін барады және бұл қарызды ол қолхат негізінде 3 айдан кейін қайтаруы керек деген шартпен бердік. Үш ай өтіп кетті. Қазіргі уақытта оның бірнеше балабақшасы жабылып қалғаны туралы анықталды. Дәлірек айтқанда, ол балабақшалар сатылып кеткен, ал өзі банкрот болып қалды. Оған бізден бөлек жиырмадан астам адам қарыз берген. Біз берген қарыз мөлшері олардыкімен салыстырғанда түк емес. Кейбір ата-аналар оған екі жарым миллион теңге қарыз берген. Біз полицияға шағымдандық», - дейді қарызын қайтара алмай жүрген ата-аналардың бірі.

Ата-аналар ол қылмыстық ісін жасырып қала ма деп қорқады. Олардың айтуынша, мектепке дейінгі мекемелердің иесінде бұл мәселені шешіп беретін таныстары да, қаражаты да бар.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес «Ромашка» ЖШС директоры жасаған бірқатар алаяқтық әрекеттер (22) туралы қылмыстық іс бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ІІД баспасөз қызметінде.

Қалалық білім бөлімі «Ромашка» ЖШС директорымен ешқандай келісімшарт жасалмағанын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер