BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Қарағандыда 82 жастағы қария іздестіріліп жатыр

Фото: автордан

Қарағанды қаласының тұрғыны Тё Алексей Максимович 10 шілде күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Қала тұрғындары мен еріктілер қарияны іздестіріп жатыр, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

1936 жылы туылған Тё Алексей Максимович кеше таңертең сағат 9.00 шамасында үйінен шығып кеткен. Ұшты-күйлі жоғалған қарияға отбасы іздеу салуда. Бүгін 82 жастағы қартты іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылуда.

«Атамыздың құлағы естімейді. Ол жәй қозғалады. Үстіне қара түсті шалбар, аяғына туфли, басына сұр бейсболка, көзіне үлкен көзілдірік киген. Қарияны көрген-білген адамдарға бізге xабарласуларын сұраймыз», - дейді іздеу салушы Екатерина.

Оның айтуынша, қартты кеше кешкілік қала орталығындағы «Абзал» сауда үйіндегі супермаркеттен көрген. Ол дүкеннен су сатып алып, беймәлім жаққа кетіп қалған. Сондай-ақ, қария түнде орталық саябақта жүріп, сондағы адамдардан су сұраған.

«Қарияны көрген адамда болса оны ешқайда жібермей, бізге немесе полицияға xабарлауларын сұраймыз. Атамыз үйді таба алмай жүруі мүмкін. Мына нөмірлерге xабарласыңыздар: 87012139124, 87012274238», - дейді қарттың немересі Лариса.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер