BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қарағандыда 43 жастағы әйел қарияны пышақтап өлтірген

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда кеше жан түршігерлік қылмыстық оқиға орын алды. 79 жастағы зейнеткер бірнеше жерінен пышақ салынып, ол алған жарақатының әсерінен қаза тапқан. Зейнеткерді өлтірді деген күдікпен 43 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

10 маусым күні қаладағы пәтерлердің бәрінде денесінде пышақ жарақаты бар 79 жастағы қарияның денесі табылды. Қарағанды қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған әйел адамды құрықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол қылмыс жасаған уақытта мас күйде болған.

«Ағымдағы жылдың 10 маусымы күні бірнеше жерінен пышақталған 1939 жылғы әйелдің мәйіті табылды. Аталған факті бойынша Қарағанды облысының ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы бағыттама алды. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1975 жылы туылған қала тұрғыны ұсталды. Ол қаза болған әйелдің үйінде мас күйде болып, пәтер иесіне пышақ жарақатын салғанын мойындады», - дейді Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Аталған қылмыстық оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99 бабы, 2 тармағына сай, яғни «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Облыстық ІІД-нің баспасөз xатшысы Б.Құдияровтың айтуынша қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер