Қарағанды тұрғыны 49 жастағы әйелді өлтірді - Оқиға|06 Тамыз 2018, 17:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Қарағанды тұрғыны 49 жастағы әйелді өлтірді

Фото: Baltnews

1 тамыз күні Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен денесінде зорлық белгілері бар 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.

Соның нәтижесінде 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол пайдакүнемдік ниетпен зардап шеккен әйелді өлтіргенін мойындады.

Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша қамау изоляторында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер