BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам зардап шекті

Фото: kerchinfo.com

Жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 маусымда Астана-Теміртау автожолында Mercedes-Benz көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Қарағандыға бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, көлік рөлін басқара алмай қалған ол темірбетонды қоршауға соғылған. Көлік апаты салдарынан жүргізуші мен оның қасында отырған екі жолаушы әртүрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер