BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қарағанды облысында тағы екі бала терезеден құлап кетті

Фото: kurjer.info

Екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

12 маусымда Қарағанды облысында көпқабатты үйдің терезесінен балалардың құлап кетуі туралы тағы екі жағдай тіркелді.

Пиозерск қаласында үй ішінде үлкендердің қарауынсыз қалған 2005 жылы туған қыз бала 4-қабаттағы терезеден құлап кеткен.

Сондай-ақ, Сәтбаев қаласында 1 қабаттың терезесінен 2016 жылы туған сәби құлап кетті. Екеуі де ауруханаға жатқызылды.

Құтқарушылар ата-аналарға мұқият болуды және балаларын үйде жалғыз қалдыруға болмайтынын ескертеді. Кішкентай бала қауіптілік деңгейін сезе алмайды, сол себепті осындай қайғылы жағдайлар орын алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер