USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Қарағанды облысында көмір тиелген вагондар жолдан шығып кетті

Қарағанды облысынан 50 шақырым қашықтықтағы Жастар елді мекеніне жақын маңда көмір тиелген 7 жүк вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BNews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 15 қазан күні таңертең болған. Күн қатты суытып, рельске мұз қатқан. Әрбір вагонда 60 тоннадан көмір болған.

Нұра теміржол кешенінің бригадасы жолды көмірден екі күн бойы тазартқан. Жараланғандар жоқ. Оқиғаның мән-жайын құзырлы мекеменің мамандары анықтап жатыр.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады