Қарағанды облысында көлік апатынан 6 адам қаза тапты - Оқиға|10 Тамыз 2018, 16:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Қарағанды облысында көлік апатынан 6 адам қаза тапты

Фото: podrobnosti.ua

Қарағанды-Балқаш автожолында жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, 10 тамызда Бектау ата ауылынан 10 шақырымдық жерде Lexus ES-300 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, 43 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жүргізіп отырған Nissan Juke көлігіне соқтығысып қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus ES-300 көлігінің жүргізушісі мен оның қасында отырған 3 жолаушы, сондай-ақ Nissan Juke көлігінің жүргізушісі мен оның қасында отырған оның қасында отырған 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты және Nissan Juke көлігіндегі 2 жолаушы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Болған жағдайға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер