BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 342.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.85 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.51
Астана:

Қарағанды облысында көлік апаты салдарынан 2 адам қаза тапты

Фото: pl.oblast.online

11 маусымда «Қарағанды-Шахтинск» автожолында көлік апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Volkswagen Golf маркалы көліктің 21 жастағы жүргізушісі Қарағанды бағытына бара жатып, 53 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «КамАЗ - 5320» көлігімен соқтығысады.

Volkswagen Golf-тің жүргізушісі алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған. Кейінірек сол көлікте отырған 17 жастағы жолаушы Шахтинск ауруханасында көз жұмды. 21 және 17 жастағы тағы екі жолаушы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Осы оқиға бойынша іс қозғалып, соған сәйкес сараптамалар тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер