BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Кабулдегі терактіден екі қазақстандық зардап шекті – СІМ

Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулде болған жарылыстан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Baq.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарылыс болған кезде қос қазақстандық оқиға орнынан 500 метрде орналасқан қонақ үйде болған.

«Зардап шеккендердің біреуі 1982 жылғы, басына әйнек сынықтары тиген. Екіншісі де 1991 жылғы, аяғынан жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді, қазір өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ», - деп атап өтті СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ә.Жайнақов.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар зардап шеккендермен үнемі байланыста, қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Бұған қоса, теракт салдарынан Қазақстанның Кабулдегі елшілігіне зиян келген. Оқиға орнынан 1,5-2 шақырым қашықта орналасқан ғимараттың әйнектері қираған.

Зардап шеккендер арасында Қазақстанның басқа да азаматтарының бар-жоғы анықталуда.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең Кабулде президент сарайы мен шетелдік елшіліктердің ғимараттары орналасқан аумаққа жақын маңда жойқын жарылыс болды. Белгілі болғандай, мина қойылған автокөлік жарылған. Теракт салдарынан ондаған адам ажал құшып, 100-ден астамы жараланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер