BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстанда атыс: 5 жігіт пен бизнесмен ауруханаға түсті

Қазақстан полицейлері 10 және 12 мамыр күндері болған атысқа қатысты тың деректерді бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 мамыр күні Райымбек ауданындағы орталық ауруханаға жергілікті кәсіпкер келіп түсті. Полицияның анықтауынша, кәсіпкерге белгісіз біреу екі жерінен оқ атқан. Оқыс оқиға Қақпақ ауылында болған. Атылған оқтың біреуі кәсіпкерге тиген.

«Жәбірленушіге оқ атқан азамат араға бірнеше сағат салып ұсталды. Ол бұрыннан бері жанжалдасып жүрген кәсіпкердің ауылдасы болып шықты. Оқ атылған аң аулауға арналған мылтық тәркіленді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Дәл қазір аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті темір торға қамалды. Қарағанды облысы ІІД мәліметінше, Теміртау ауруханасына төртінші кварталдағы бір үйден 18-25 жас аралығындағы бес азамат келіп түскен. Оларды өлтірмек болды деген күдікпен 20 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

«Шара барысында кикілжің кезінде оқ атып жібергенін мойындаған 20 жастағы жігіт ұсталды. Қазіргі сәтте 20 жастағы күдікті қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 24-99-бабтары 2-тарауы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Есік қаласында атыс болып, салдарынан полицейдің қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.

Кейбір мәлімет бойынша, жарақат алғандардың біреуі - ІІАБ қызметкері. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға мамырдың 7-сінен 8-не қараған түні болған. Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасындағылар 8 мамыр күні таңғы сағат 03:00 кезінде оқ жарақатымен екі ер адамның келіп түскенін растады. Олардың біреуі – 31 жастағы полиция қызметкері. Ол 11 мамыр күні қаза тапты. Оқ тиюден бөлек көптеген жарақат алған.

Екінші ер адамның жағдайы тұрақты. Ол біраз уақытқа дейін ауруханада жатып емделеді. Оқ тиюден бөлек, аяғы сынған. Аурухана қызметкерлерінің хабарлауынша, ол 1986 жылы дүниеге келген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер